ДЕНДРОБАҚТА ЖУРНАЛИСТЕР АЛЕЯСЫ БАР Избранное

Пятница, 12 Апрель 2024 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 100 раз

Күндей жайнаған Шымкент шаһарындағы Асанбай Асқаров атындағы дендробақ – халықтың аспан айналып жерге түскен аптабында саялайтын жері. Жүздеген гектар жерге орналасқан саябақта 400-ге жуық ағаш түрі жайқалып тұр. Жасыл желекті аймақ ел аузында «Шымкенттің өкпесі» деп те аталады.

JurSub

 

Енді осы дендробақта шымкенттік журналистердің де өз аллеясы болады.
Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдырдың ұйытқы болуымен арнайы бөлінген орында көшеттер отырғызылды. Игілікті іс-шараға «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бастаған партия мүшелері де қатысты.
Бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған мәселелердің бірегейі — экологиялық ахуал. Тозып бара жатқан табиғатты жасыл желек қана емдей алады. Осы игілікті іске журналистер қауымы да бір кісідей атсалысып келеді.

Б.Байдуллаұлы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.