СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 21 Февраль 2024 05:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 210 раз

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Еркін Отарғалымұлы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша баспасөз брифингін өткізді. Еркін Отарғалымұлы Шымкент қаласында жағдай тұрақты екенін мәлімдеп, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық шараларынан хабардар етті.

brif133

 

ын-ала мәліметіне сәйкес, ақпан-наурыз айы жауын-шашынды болады деген болжам бар. Бұл қала аумағында жаңбыр суының көп жиналуына әкеп соғуы мүмкін. Сол себептен, қазір дайындық шаралары күшейтілді. Бүгінгі таңда қала аумағындағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайы тұрақты, апатты қондырғылар жоқ. 702 шақырым ирригациялық жүйе (27 канал, 2 өзен арналары) тазаланды. Су тасқыны кезеңіне жүйелі түрде дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта су тасқынының қаупі жоқ, жағдай тұрақты, – деді Еркін Отарғалымұлы.
Қалада ықтимал жағдайға азаматтық қорғау қызметтерінің 442 техника, 5 мың қапшық қоры дайындалған. Ал департамент тарапынан 160 қызметкер, 17 техника, жүзу құралдары дайын тұр.
Таяуда азаматтық қорғау қызметтерінің «Көктем» оқу-жаттығу жиыны өткізілген болатын.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.