Елдің байлығы жерінен танылар: жергілікті туризмді дамытуға бағытталған форум өтті Избранное

Пятница, 01 Декабрь 2023 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 120 раз

Кейінгі жылдары ел Үкіметі туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттарды айқындап, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу страгетиясы бойынша нақты қадамдармен жұмыс атқаруда. Ұлттық туризм секторы жоғары деңгейдегі жан-жақты дамыған инфрақұрылым арқылы аталмыш стратегияның орындалуына өз септігін тигізіп келеді. Сондай-ақ, мемлекет жүктеген тағы бір міндеттердің бірі – елімізді Орта Азия аймағындағы туристік орталыққа айналдыру. Өткен аптада «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Shymkent Tourism Forum» атты жергілікті туризмді дамытудың екі күндік форумы өтті.

802

 

Аталған форумда қатысушылар мен қонақтарды трансшекаралық туризмді дамытудың заманауи тәсілдерімен таныстыру және қаладағы туристік индустрияны дамыту, ұсыныстар әзірлеу бойынша спикерлердің баяндамалары тыңдалды. Шымкент қаласының әлеуеті мен тартымды жақтарын көрсету, сонымен қатар, қаланың имиджін нығайтуға, экономикалық өсуді қолдауға және ішкі туризмді дамыту процесіне қоғамның барлық индивидтерінің қатысуы үшін қолайлы атмосфераны құруға ықпал ету жолдары қарастырылып, сала мамандары тәжірибе алмасты. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаровтың айтуынша, туризмді ілгерілетуде форумның маңыздылығы жоғары.
–Форум ел ішіндегі туристік қызметті талқылауға, жоспарлауға және жылжытуға бағытталған іс-шара болғандықтан, туризм саласында түрлі бағытта қызмет етіп жүрген мамандар өз ұсыныстарын жеткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Іс-шарада «Artisans of Shymkent» қолөнершілер көрмесі де ұйымдастырылды. Онда түрлі аймақтардың, ұлттар мен мәдениеттердің қолөнершілерінің басын қосып, өзара тәжірибе алмасуға, бұйымдарын көрсетуге, жаңа дағдыларды меңгеруге және қолөнер қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік зор. Мұндай іс-шаралар мәдени дәстүрлерді сақтап, қолөнер шеберлігін дамытуға және қолөнершілердің жаңа буындарын шабыттандыруға ықпал етеді. Форумда көрмемен қатар, панельдік сессияда сала мамандары өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасы маманы қолөнершілерге өз кәсібін жүргізудің тиімді жолдары бойынша маңызды ақпараттар берді, – деді Ерлан Омаров.

803


Статистикаға сүйенсек, биыл сыртқы және ішкі туризм әлеуеті артқан. Көпшіліктің қызығушылығына ие болған шымшаһардың туристік имиджін қалыптастыру үшін бүгінде гастрономиялық бағытты қарқынды ілгерілету, қаланың танымалдылығын және қала туралы ақпараттар ағынын көбейту шаралары қолға алынған.
Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларының қолөнершілер форумның екінші күні «Artisans of Shymkent» іс-шарасы аясында бас қосты. Түрлі аймақтар мен ұлттардың мәдениеттерімен таныстырып, қолөнершілердің басын қосқан форумда өнер иелері өзара тәжірибе алмасып, жасаған бұйымдарымен таныстырды. Жаңа дағдыларды меңгеруге және қолөнер қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шараға 60-қа жуық қолөнерші қатысты.
—Мен табиғи өнімдерден жұпар иісті балауыздар, әсемдік беретін әртүрлі қалыптар, әшекейлер жасаймын. Өзім қаржы маманы болсам да қолөнер саласы мені қатты қызықтырады. Бүгінгі форумда спикерлерден жақсы ақпараттар алып, өз өнімдерімізді таныстырдық, — дейді қолөнер шебері Әсел Нұржанова.
Форумда спикерлер: «Құрақ көрпе» құрақшылар қауымдастығының негізін қалаушы Нұргүл Әбдірасылова, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Рыскүл Бердалиева, «Қолөнер –Тараз» бірлестігінің басшысы Раушан Құндызбаева өзінің іс-тәжірибесімен, қолөнер саласындағы жетістіктерінің сырымен бөлісті. Сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Бауыржан Бердалиев қолөнершілерге өз кәсібін жүргізудің тиімді жолдары бойынша маңызды ақпарат берді.
Өткен жылы көне Тараз шаһары дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енген болатын. Мұндай мәртебе қолөнершілердің мерейін өсіріп шабыт береді дейді тараздық қолөнершілер.
–Тараз 2000 жылдан астам тарихы бар байырғы шаһар. Тарихы терең көне қала бүгінде уақыт ағы¬мына сай тотыдай түрленіп, өрке¬ниет көші¬не ілесіп келеді. Облыс орталығының дүниежүзілік қол¬өнер¬шілер қаласы тізіміне енуі – біз үшін зор мәртебе. Біз өзде¬ріңізбен мерейлі сәтте тәжірибе алмасуға келгенімізге қуаныштымыз. Барлық¬тарыңызға биік белес, зор табыс тілей¬мін, –деді «Қолөнер –Тараз» бірлестігінің басшысы Раушан Құндызбаева.
Іс- шараға келген қолөнершілер сурет салу, киіз басу, қыш өнері, сондай- ақ жергілікті дизайнерлердің ұлттық топтамасынан құралған сән байқауында сайысқа түсті. Жеңімпаздар мен қатысушыларға сый-сияпат табысталып, сертификат және алғыс хаттармен марапатталды.

Г.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.