ЖЕР ТЕЛІМІН ЗАҢСЫЗ ИЕМДЕНУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Среда, 27 Сентябрь 2023 06:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 400 раз

Шымкент қаласында жалпы аумағы 198,97 гектарды құрайтын 63 жер телімінің игерілмегені және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмағаны анықталған.

 

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмас Қамбаров мәлімдеді.
—Шымкент қаласында жалпы аумағы 198,97 гектарды құрайтын 63 жер телімінің игерілмегені және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмағаны анықталды. Осыған сәйкес, біз Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне бірнеше рет хат жолдадық. Бүгінде тиісті тексерулер жүргізіліп, аталған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында шара қолданылуда, – деді Алмас Лесбекұлы.
Мұнан бөлек, қалада заңсыз иемденіп алынған жер телімдеріне салынған 2 314 үй анықталған. Оның ішінде 1 831-і тұруға жарамды үй-жайлар болса, 483-інің жарамсыз екені анықталған. Бүгінде тұруға жарамсыз жағдайдағы үйлердің 175-і бұзылған.
Мамандар жер телімін өз бетінше иемденіп алғаны үшін тиісті заңдарда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.