ӨРКЕНІН ЖАЙҒАН ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫЛАР Избранное

Среда, 27 Сентябрь 2023 05:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 329 раз

Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Қаратау ауданы әкімдігі ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып жүрген отбасыларды арнайы құттықтады.

263

 

Оның ішінде, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 2023 жылғы аудандық кезеңі жеңімпаздары мен соңғы үш жыл көлемінде аталған байқауға белсенді қатысқан үлгілі 11 отбасы марапатталды. Олардың қатарында ұлттық спорт жанашыры – Ахметбаевтар отбасы, ережесіз жекпе-жектен, самбодан әлем чемпионы –Оспановтар отбасы, бокстан әлем чемпионы – Жақыповтар отбасы, театр актерлары – Кемелбековтер отбасы, паралимпиаданың бірнеше дүркін чемпионы – Ешимовтар отбасы, ауған соғысы ардагері – Қуатбековтер отбасы, әскери саладағы үздіктер – Нарымбаевтар отбасы, көп балалы – Оразовтар отбасы, үлгілі ұстаздар – Есентаевтар отбасы мен белгілі қаламгерлер Орынбаевтар отбасы бар. Өнегелі отбасыларға қала және аудан әкімі атынан алғыс хат табысталды.
Іс-шара барысында аудан әкімі Р.Мүлкеманов пен қалалық мәслихат депутаты А.Молдабек барша отбасыларды құттықтап, өз алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, аудан әкімі бұл іс-шара дәстүрге айналатынын жеткізді.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.