ҚАЛА ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 339 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков БАҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуға телеарналар мен газеттердің бас редакторлары, журналистер және әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Ақпарат құралдары ең көп шоғырланған Шымкентте қазірде 170-тен астам орталық жұмыс істеп келеді.

228

 

Елімізде қолға алынған реформаларды жалпыхалықтық қолдаусыз толықтай іске асыру мүмкін емес. Бұл ретте барша азаматтарымыздың күш-жігерін елдік мақсаттарға жұмылдыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады.
–Өз қызметімде объективті, конструктивті пікірлерге ашықпын. Сіздер халық үшін еңбек етіп жүрсіздер. Шығармашылық қызметтеріңіз жоғары бағаға лайық деп білеміз.
Бәріміз де — осы елдің азаматы, осы халықтың перзентіміз. Олай болса, баршаңызды еліміздің дамуы, қаламыздың көркеюі жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырамын, — деді қала әкімі.
Журналистер шаһар басшысына сала мамандарының біліктілігін арттыруда, ашықтықты қалыптастыруда, ақпарат таратуда нақты ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, қала аумағындағы жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Ал қала әкімі барлық салада ашықтықты қамтамасыз етіп, мегаполисті көркейтуде БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.