Мемлекеттік грант алған жандардың 17-сі мүмкіндігі шектеулі азамат, 58-і көп балалы отбасы, 15-сі мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жан, 12-сі асыраушысынан айрылғандар, 13-і атаулы әлеуметтік көмек алатын аналар. Қайтарымсыз грант алған жандар кәсібін дөңгелетіп, ісінің өрісін кеңетуге осылайша мүмкіндік алды.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант берудің екінші легіне өтініш қабылдау аяқталды. Бұл жолы 2893 азамат бизнес-жоба ұсынды. Жобасын комиссия алдында қорғап шыққан үміткерлердің нәтижелері «Business.enbek.kz» порталындағы жеке кабинеттеріне хабарлама ретінде жолданады.
Айта кетейік, мемлекеттік грант ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ғана ала алады.