ҚЫСТЫҢ ҚАМЫ ҚАЗІРДЕН Избранное

Пятница, 26 Май 2023 04:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1306 раз

Шаһарда 2023-2024 жылдарға жылу маусымына дайындық жұмыстарына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде. Қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелердің дайындықтары пысықталып, өзекті мәселелер талқыланды.

100

 

Мониторинг кезінде анықталған ақауларды қалпына келтіруде үшін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ магистралды жылу құбырларын қайта құру бойынша биыл екі жоба жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар Гагарин, Абай, Громов, Гоголь, Адырбеков көшелерінде, Нұрсәт тұрғын алабында жүргізілетін болады.
–Жылудың сапалы болуы қазіргі дайындық жұмыстарына тікелей байланысты. Сондықтан іс-шара жоспарындағы міндеттемелердің мерзімінде, талапқа сай орындалуын назарға алыңыздар. Сығымдау жұмыстарын шілдеде, жалпы, жылыту маусымына дайындықты қыркүйекке дейін толық аяқтаңыздар,- деді қала әкімі.
Сондай-ақ М. Дүйсенбекұлы тиісті сала басшыларына жылу қазандықтарының, сорғы стансаларының дайындығын қадағалап, бюджеттік нысандардың қатты, сұйық отынға қажеттілігін нақтылауды тапсырды. Бұл кешенді шаралар қаладағы қолданыстағы жүйелерді жаңартып, жылу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.