Ұлт өнері ұлықталған күн

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:47 Автор
Қаладағы «Түркістан сарайында» Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала әуендері» дәстүрлі ән орындаушылар және «Ұлы дала шежіресі» термешілердің республикалық байқауы өтті. Республикалық деңгейдегі өнер сайысына еліміздің барлық аймағынан, жалпы 40 өнерпаз қатысты.
«Өзгені» «өзіңе» айналдыра отырып, "өзгелерді" сендірудің салмағын артист қана білсе керек. Театр сахнасына өмірін арнаған актриса үшін 70 жас аз ба, көп пе?! Ол енді уақыт таразысында сараланатын минуттар мен сағаттардың сыртылына байланған арпалыстар жиынтығымен өлшенсе керек. 70 жылының 51 жылын Шанин театрының сахнасында өткізген…

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ШЫМҚАЛАДА

Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:59 Автор
Осы аптада Қостанай облыстық қуыршақ театры гастрольдік сапармен Шымкент қаласына келіп, көрермендерді қуантып отыр. Шымкенттегі «Қуыршақ және жасөспірімдер» театрында Қостанай облыстық қуыршақ театрының директоры Нұрмұхамбетов Мәди Мейрамханұлы алдымен баспасөз өкілдері және театр ұжымымен алдағы жоспарларымен бөлісті.
27 қыркүйек – бүкіләлемдік туризм күніне орай, Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен үш күндік пресс-тур өтті. Ақпараттық турға 50-ге жуық шетелдік және отандық travel-блогерлер, БАҚ өкілдері қатысып, қонақтар қаланың тарихи және тартымды орындарын тамашалады. Алдымен…
1916 жылғы Торғай көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған мерейтой еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде.
Театр – ес білген бала мен еңкейген қартқа дейін құрдасындай, сырласындай дос бола білетін тірі ағза. Ғимаратына қарап «Жансыз ғимарат қалай сырлас болады?..» деп ойлауға да болар. Бірақ өзімен бірге күлдіретін, күрсіндіретін, атойлап шыққан ащы жасты күшпен тежететін, кейде, үнсіз сорғалата жан күйінішін төгіп алатын…

Театр сахналарында – жаңа маусым

Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:27 Автор
Шымкенттегі театр сахналарында жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Қалада мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 6 театр жұмыс істейді. Жаңа маусымның жаңалықтарымен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Бауыржан Орынбасарұлы баспасөз брифингінде бөлісті.

Жүрекке жеткен қойылым

Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:26 Автор
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 41 маусымның шымылдығын «Кейкінің кегі» қойылымымен ашты. Премьераға қойылымның авторы Абылай Мауданов Қостанайдан арнайы қонақ ретінде шақырылды. Қойылым 1916 жылы Торғай өңірінде ұлт-азаттық көтерілісінің алғашқы күндерінен белсене араласқан, көтерілісшілердің негізгі күші – мергендер жасағын басқарған Кейкі Кәкімбайұлы жайында.

Бір өзі бір театр еді...

Пятница, 01 Сентябрь 2023 08:32 Автор
Өнер өміршең болғанда, сол өнерді ту еткен таланттың есімі ешқашан өшпек емес. Есімін елі мәңгі сақтайтын перзентінің бірі де бірегейі – кешегі Арқа төсінде әнімен, сал-серілігімен халқын тәнті еткен Ақан, Біржандардың жалғасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Отызбай Жұмабеков. Әншілік пен актерлікті қатар алып жүрген өнер…
15 тамыз – Қазақстанның Халық әртісі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов дүниеге келген күн. Ұлтымыздың біртуар композиторының туған күніне орай Шымкентте «SHAMSHI» атты әншілер байқауы өтті. Үш күнге жалғасқан ән сайысы қаладағы тұлғаның атына берілген аллеяда қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды.