– Өзара тәжірибе алмасу мақсатында екіжақты меморандумға қол қойылған болатын. Соның аясында театырымызбен 10 күндік гастрольдік сапарға келдік. Театр көрермендеріне 4 қойылым ұсынып отырмыз. Бүгін соның бірі «Экопатруль» қойылымын көрермендер тамашалады. Сондай-ақ қазіргі уақытта Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының шығармашылық тобы Қостанай қаласында. Қостанайда театрдың қанша жылдық тарихы болғанымен қазақ труппасы жоқ. Сондықтан біздің қаланың тұрғындары да қазақша қойылымдарды ерекше ықыласпен қабыл алуда, – деді Мәди Нұрмұхамбетов.
Қостанайлық театр ұжымы ұсынған «Экопатруль» қойылымының негізгі идеясы балаларды табиғатты қорғауға шақырады. Қойылымдағы кейіпкерлер қала қорғаушысы, су қорғаушысы, орман қорғаушысы болып бірігіп, қоқысты жоймақшы болады. Кейіпкер де қойылым барысында өсіп, үлкейіп, онымен күресуші батырлар түрлі қиындықтарға тап болады. Соңында батыр кейіпкерлер жеңіске жетіп, қоршаған ортаны ластауға болмайтынын, онымен күресудің оңай еместігін көркем әрі түсінікті жеткізеді. Мұнан өзге үш қойылымда ғибратқа толы.
Айта кетейік, қойылымдар 29-шы қыркүйекке дейін жалғаспақ.
Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ