«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» Избранное

Пятница, 25 Август 2023 04:32 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 10216 раз

Еліміздің ұстаздары Шымкентте цифрлық білім беру платформаларындағы тың жаңалықтарымен бөлісті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті 20-тақырыптық бағытта еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған болатын. Білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі жиыны республика көлемінде биыл Шымкент қаласында өтті. «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткен кеңесте әр өңірден келген білікті мамандар білім беруді цифрландыру бағытындағы үздік тәжірибелері, жетістіктері және еңбектерімен бөлісті.

166

 


Кеңес жүмысының негізгі мақсаты – білім беруді цифрландыру, ұлттық білім берудегі деректер қоры, мектептегі интернет, білім берудегі оқыту ресурстары, ақпараттық-коммуникативтік технология, электронды оқулықтар, мультимәдениетті орта қалыптастыру және мемлекеттік қызметтегі автоматтандыру. Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, білім саласының ардагерлері, білім мекемелерінің басшылары, ректорлар, ғалылымдар қатысты. Сондай-ақ еліміздің өзге өңірлерінен 200-ге жуық цифрландыру бағытына жауапты мамандар келді. Аталмыш кеңеске Қазақстан Республикасы оқу-ағарту вице- министрі Айбат Болатұлы арнайы келіп, білім саласы, цифрландыру жүйесіндегі тың жаңалықтармен танысты.
–Бүгінгі тамыз кеңесінде маңызды тақырып көтеріліп отыр. Білім, ғылым саласы әлемде күн өткен сайын қарыштап дамып жатыр, озық технологияларды біздің елдің білікті мамандары да жасап, олардың қатары көбейіп келеді. Бүгінгі тақырып аясында қазіргі уақытта қолданылып жүрген, ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға ыңғайлылық тудырып отырған мобильді қосымшалар, электронды бағдарламалармен танысудамыз. Әлбетте білім саласы алдағы уақытта да көптеген тың жаңалықтарды енгізетін болады. Оқулықтарды электронды жүйеге өткізу, автоматтандыру, цифрландыруда жасалынып жатқан жақсы жобалар бар, –деді А. Болатұлы.

168


Кеңес аясында қонақтар көрмеге қойылған секциялық жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасты. Секциялық жұмыстар 5 бағыттан құралды: цифрлы асхана электрондық жүйесі, сандық платформалардың қызметтері мен жаңа мүмкіндіктері, пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру, мектепке дейінгі жалпы орта білім беру, кәсіптік және техникалық қосымша білім беру
Өңірлерден келген мамандар цифрлық білім беру платформалары және ақпараттық жүйелердің жұмыс бағыттарын бақылап көрді. Көрмеге қатысқан барлық білім платформалары өз жетістіктері мен ерекшеліктерін атап өтті. Озық платформалардың бірі – «Төлем» жүйесі. Осы уақытқа дейін бір жарым миллионға жуық карта дайындаған жүйеде қала оқушыларының ақпараттар базасы жинақталған. Аталмыш компания бұл ақпараттарды ата-ананың бақылауы мен оқушы қауіпсіздігі үшін қолданып, үздік бағдарлама жасап шығарды.

167


–«Төлем» жүйесі Шымкентте үшінші жыл қолданылып келеді. Үш түрлі картамыз бар, яғни оқушыға, студентке, тұрғындарға арналған. Бұл карталармен автобус төлемақысына 65 пайыз жеңілдік қарастырылған. Бүгінде «Төлем» жүйесі білім басқармасымен, ата-аналар кеңесімен ақылдасып, бірлесе отырып жұмыс ауқымын кеңейтті. Яғни бұл карталардың беретін мүмкіндігі мектептердегі арнайы турникеттен өткен кезде ата-анаға хабарлама түсіп отырады. Сондай-ақ мектеп асханасында тегін тамақ алу мүмкіндігі, театр, музей, парктердің қызметтерін қолданғаны үшін де төлем жасай алады. Баланың не істеп, қайда төлем жасап, қай жерлерге барғанын ата-ана мобильді қосымша арқылы толық бақылауда ұстайды,– дейді «Төлем» ЖШС-нің атқарушы директоры
Сейдолла Исмаилов.
Көрмеде цифрлы асхана электрондық жүйесі бойынша «Төлем», «Буфет», «Е-асхана» ақпараттық қосымшалары, цифрлы білім беру платформалары бойынша «Bilim Media Group», «DarynOnline» компаниясы, «EduCon» жобасы,«EDUS» цифрлық білім беру платформасы, сандық платформалардың қызметтері мен жаңа мүмкіндіктерін «Күнделік» электронды журналы, «Цифрлық педагог», «Мектеп Меню» Күнделік.кз. платформасы жобаларының жұмыстары көрсетілді.

165


Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру бойынша –Topiq.kz. электрондық оқулықтар платформасы, «Oqylyq.kz» - қашықтықтан қашықтықтан білім беру платформасы – кеңес қатысушыларын өз істерімен тәнті етті.
Әрі қарай секция отырысы электронды оқулықтар, мультимәдениетті орта қалыптастыру, дәстүр мен инновация сингергиясы, автор көзқарасы, педагогтердің позициясы, мемлекеттік қызметтегі автоматтандыру тақырыптары бойынша баяндамалар оқылып, сұрақ-жауаппен жалғасты.
Пленарлық сессия жұмысының екінші күні Түркістан сарайында жалғасады.
Айта кетейік, аталған жиынға республикалық өңірлер мен қалмыздан жалпы 1300 қатысушы қатысты.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.