- Шынымды айтсам, осы күнге дейін Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш бар екенін білмеппін. Шараға дейін осы кезең тарихын толығырақ зерттей бастадым және ол маған қатты әсер етті. Еліміздің жастары аштық пен жаппай қуғын-сүргін, қудалау және кінәсіз адамдарды күштеп депортациялаудың салдарын білетініне және ұмытпағанына тәнті болдым, - деді Шымкент қаласының тұрғыны Бейбарыс Жүсіпбеков.
Атаулы күнге байланысты еске алуға арналған іс-шаралар Елбасы академиясының ұйымдастыруымен еліміздің басқа да қалаларында өтті. Жалпы, 1,5 мыңнан астам қатысушы қамтылды. Еске алуға арналған жиын барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталды.