Атап айтқанда, мамандар Қайтпас- 1 және Құрсай шағынаудандарында оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Құрсай шағынауданы оптика желісімен толық қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда.
Қайтпас-1 шағынауданындағы Академия, Ғалымдар, Жаскент, Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Ал Көркем, А.Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылып, үйлерді серверлік порттарға қосу жұмыстары аяқталуға таяу.
Жоспарға сай, қыркүйек айына дейін жалпы 80 көше толық оптика желісімен қамтылып, аталған елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік алады.