Қазіргі таңда «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл ел» секілді еңбек жасақтарының мүшелері мегаполис аумағындағы аудандарда тұратын ардагерлердің үйлерін тазалап, мемлекеттік маңызы бар сакралды нысандардың ауласындағы ағаштарды әктеу, гүлдерді суару жұмыстарына тартылды. Бір айда (маусым айының 24-нен 24 шілде аралығы) 500 студент-жас белсенділік көрсетіп, өз қаласына деген жанашырлығын танытты. Олар 45 гектар аумақты тазалап, шамамен 50-60 тоннаға жуық қалдықтарды шығарған.
Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына биыл – 27 жыл. Бағдарлама аясында жаз мезгілінде студент-жастарымыз еліміздің көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына тартылып, еңбекпен қамтылады. Сондай-ақ аталмыш бағдарлама осы жылдар ішінде көптеген жастың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды.
А.МҰХТАРОВА