Аталған автобустар № 104, № 60 маршруттарда және № 6, № 51, № 67 жаңа бағыттарды қызмет көрсетуде.
Е.Жолдасов қалалық қоғамдық көліктердің кешенді сызбасына бірқатар өзгеріс енгізілгенін атап өтті. Тұрғандардың сұранысы бойынша № 61 бағыт сызбасы ұзартылды. Спатаев көшесінен «Көл» аялдамасына дейін қызмет көрсететін бағыттағы автобус енді «Барыс базарына» дейін қатынайды.
–Жуырда пайдалануға берілген 240 автобус есебінен төрт жаңа бағыт ашылып отыр. Атап айтсақ, шаһардағы №1 автожолдан қаланың әуежайына дейін №66, Қызылсу шағынауданы аймағынан «Айна» базарына дейін №71, Сәуле шағынауданы 276 орамнан Жандосов көшесіне дейін № 43, № 115 мектеп пен «Гиперхаус СҮ» дейін № 54 бағыт жолаушылар тасымалдауда, - деді басқарма басшысы.
Жаңадан қолданысқа берілген «Yutong» маркалы автобустар №17, 21, 42, 113, 133, 158, 182 бағыттарда қызмет көрсетеді. Ал олардың орнындағы «Ankai» маркалы автобустар №2, 10, 11, 15, 16, 20, 23, 45, 52, 61, 70, 75, 96, 108, 114, 139, 171, 171а, 180, 191 бағыттарына бөлінді.
Айта кетейік, егер төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR-код бойынша оп-оңай төлей аласыз. Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге.