Үлкенге құрмет көрсетілетін мереке қарсаңында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрпейіс Анарбеков ардагерлердің шаңырағына бас сұғып, кішілік ілтипатын танытты. Халық қалаулысы Абай ауданына қарасты Алтынтөбе елді мекенінің қарияларымен жүздесіп, оларды мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.
– Ата-әжелеріміздің ел үшін еткен еңбектеріне назар аударып, қамқорлық көрсетіп, ыстық ықыласқа бөлеу - біздің міндетіміз. Қашанда қариялардың көкірегі өсиетке толы. Бұл ұрпақ сабақтастығын үзбеуге де септігін тигізеді, - деді Нұрпейіс Жаппарұлы.
Бұл күні мәслихат депутаты бірнеше отбасында болып, қарияларды мерекемен құттықтады.