Версия для печати

Қаржылай сыйлықтарын мектептеріне сыйлады Избранное

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1552 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған «Жастар лигасында» жеңімпаз болған білім мекемелеріне барып, сенбілікке қатысып, мектеп оқушыларымен кездесті.

819

 

Олардың ішінде волейболдан бірінші орынды алған. Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы, баскетболдан бірінші орын иегері М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия-мектебі, шахматтан І орын алған А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында және футболдан жеңімпаз атанған А.Назарбеков атындағы № 87 жалпы орта мектептері бар.
Жеңімпаз атанған білім ордаларының оқушылары «Жастар лигасында» ұтып алған 20 млн теңге қаржылай сыйлықты мектептеріне сыйлапты. Ол қаржыға «Шымкент – қайырымды қала» қоры арқылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана жылжымалы интерактивті панель аынған. Шаһар басшысы оқушылардың бұл игі істеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да спорттық жарыстарда алдыңғы қатардан көрінетіндеріне сенімді екенін жеткізді. Ал балалар келер жылы да спорттық жарысқа қатысатындарын айтып, білім мен спортта алда болатындарына сөз берді.
Қазақстандағы балалар спортын дамыту – мемлекеттің басым мақсаттарының бірі екенін айтқан шаһар басшысы соңғы жылдары қалада көптеген ашық стадиондар мен жаттығу кешендері салынып жатқанын тілге тиек етті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.