Осының аясында Елбасының идеясымен 1995 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда Орталық Азия мемлекеттерінде, сонымен бірге, Еуропа елдерінде беделі биік қоғамдық бірлестік болып танылған. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қазақстандықтарды бір шаңырақ астына жинап, бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ идеясы аясында жұмыс істеп келеді.
Біз, Қазақстан халқы, ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастырдық деп мақтанышпен айта аламыз. Айналамыздағы көрші елдерге үлгі бола алдық. Біздің
Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын, атқарып отырған істерін көрші мемлекеттер де өздеріне алып, үйренуде. Оған көмегімізді аянып қалмаймыз.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл – үлкен мереке.
Оған қоса биылғы жыл – тарихи және саяси маңызды жыл. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осынау 30 жыл аясында мемлекетіміз қаншама жетістіктерге жетті, талай белестерді бағындырып, тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Әсіресе, қазіргі таңда барлық этностың терезесі тең болып, көп ұлтты Қазақстанда тең құқылы өмір сүріп келеді. Алланың назары, күннің нұры түскен мемлекет – Ұлы дала елі. Осынау Ұлы дала перзенттері бейбітшілікті алдына мақсат етіп қойып, жасампаздықтың жарқын жолында айқын қадам басып келеді.
Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Достлик» қауымдастығы көп ұлтты Қазақстан халқын осынау қадірлі мерекемен шын жүректен құттықтайды. Отбасыларыңызға амандық, дастарханыңызға құт-береке берсін!
Әрқашан еліміздегі тыныштықты, бірлікті, бейбітшілікті көзіміздің қарашығындай сақтап, келесі ұрпаққа аманат ретінде жеткізу – біздің, Ұлы дала перзенттерінің қастерлі міндеті.
Икрам ХАШИМЖАНОВ,
Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик»
қауымдастығының төрағасы