Версия для печати

ҚҰРЫЛЫСТА ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1257 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте өткен жылы құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы орта сапасы және бақылау басқармасына 603 хабарлама келіп түскен. Хабарламаның 263-і мемлекеттік нысан болса, 347 нысан жеке инвестиция.

579

 

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев өткен жылы атқарылған жұмысы жөнінде берген есебінде баяндады. Өткен жылғы мониторинг нәтижесі бойынша құжаты жоқ 76 құрылыс нысаны анықталған. Оның ішінде 15 нысанның бұзылуына сот шешімі шыққан.
– «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жобалау және лицензиялау қызметі аттестациядан өткізілді. Былтыр қала бойынша лицензиаттардың 30 пайызына мониторинг жасалды. Нәтижесінде 997 лицензиаттың 624-і әрекет ететіні анықталса, 236 лицензиат банкрот болған. 62-сінің әрекет етпейтіні, 75-нің мекенжайын ауыстырғаны анықталды. Биыл лицензиаттардың қосымша 40%-на мониторинг жасауды жоспарлап отырмыз, – деді Ғ.Өтенбаев.
Жылдық есепті тыңдаған Мұрат Дүйсенбекұлы қалада газбен улану оқиғалары жиілегенін, осы бағытта тексеру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, сол салаға қатысты кез келген мәселені аудан әкімдіктерімен бірлесе шешуді тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.