Бұл туралы ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтылды.
– Әлемдегі көшбасшы мемлекеттер ең алдымен зияткерлікті жетілдіру жүйесіне ерекше назар аударады. Сондықтан біз 2019 жылдан бері аталған жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс атқардық. Жобаға жанашыр азаматтарды іздедік. Осылайша байқаудың ережелері бекітілді. Жүлде қоры да қомақты, - деді ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Жанар Бектаева.
Байқауға «Еркін ой» газетінің бас редакторы
Балтабек Түйетаев жетекшілік етеді. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан өтетін жарысқа 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 40 жасқа дейінгі ересектер және ардагерлер қатыса алады.
Ақыл ой сайысы 15 қазанда Көрме орталығында салтанатты түрде ашылып, жыл соңына дейін жалғасады.
Жоба аясындағы іс-шараның жалпы жүлде қоры – 2 миллион 500 мың теңге.