Аудан әкімінің мәлімдеуінше, қалалық тұрғын үй басқармасы тарапынан 20 көпқабатты үйдің қасбеті реттеліп, тағы 22 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 7 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне мурал кескінделіп, 16 көпқабатты үйдің қасбеті жарықтандырылмақ.
Былтыр «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аудан тұрғындарының ұсынысымен 24 балалар және 2 спорт алаңшасы орнатылған. Әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан 14 көшеге жарық жүргізіліпті. Аудан аумағындағы 29 көшеге асфальт төселіп, 5 көшеге ирригациялық арық салынған.
– Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 70 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, үш гүлзар салынып, 114 бейнебақылау камерасы, 118 көше мен көпқабатты үйлердің ауласы жарықтандырылмақ, – деді Рашид Мамытұлы.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 234 857 тұрғын бар. Аудандағы 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген.
– Жалпы, аудан қаланың орталығында орналасқандықтан тұрғындар ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Биыл 47 көшені, ал 2025 жылы 20 көшені асфальттау және де 58 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол салу жоспарлануда. Сонымен қатар, көпқабатты 427 тұрғын үйдің ауласындағы жолдарға жөндеу жүргізіледі, – деді Р.Мыңбаев.
Қала экологиясы үшін маңызды мәселенің бірі – тазалық. Бұл ретте Р.Мыңбаев биыл 12 көшеге ирригациялық жүйе жүргізіліп, 370 дана қоқыс жәшігі мен 680 дана контейнер орнатылатынын, қоқыс алаңшалары жаңартылатынын жеткізді.
Жансая АЙТУҚЫЗЫ