Версия для печати

Асқар Мамин: Жаңа құрам нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс Избранное

Среда, 27 Февраль 2019 04:18 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5416 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Кеше Үкімет үйінде ҚР Министрлер Кабинеті жаңа құрамда алғашқы отырысын өткізді.

52861277 2410344268975571 7459785716961116160 n

Жиын барысында Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған министрлерді таныстырды. Үкімет басшысы Елбасы Жарлығымен кейбір мемлекеттік органдар қайта құрылғанын еске салды. «Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артып отыр, бұл зор жауапкершілік. Сондықтан сол сенімді ақтауымыз керек.

Үкіметтің жаңа құрамы айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс. Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығару, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отыр.

Осындай нақты шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыра аламыз», - деді А. Мамин.
Сонымен қатар Премьер-Министр «Нұр Отан» партиясының съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және жұртшылықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар жаңа іс-шаралар жарияланатынын атап өтті.

Айта кетейік, Астанада «Нұр Отан» партиясының XVIII Съезі басталды. Жиынға Шымкенттен 60 делегат аттанған. Олардың арасында партия мүшелері, депутаттар, қоғам қайраткерлері бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.