БАСПАНАМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Пятница, 03 Май 2024 05:38Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан сессия отырысына әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Сондай-ақ, жиында бірқатар басқарма басшылары атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады.
АТАУЛЫ КҮНДЕР КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛЕДІ
Пятница, 03 Май 2024 05:37Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы салада атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер, алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді.
ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Пятница, 03 Май 2024 05:36Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Кеңейтілген отырыста басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі мен ұсыныстары тыңдады.
Татулық – дамудың кепілі
Пятница, 03 Май 2024 05:34Еліміздің он аймағында орын алған су тасқынына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-ші сессиясы онлайн форматта өтті. Ел басына түскен қиындық кезінде отандастарымыз тағы да ынтымақ-бірлігін көрсете білді. Президентіміз атап өткен сын-қатерлерді, оның ішінде экологиялық проблемаларды жеңу, нақты мақсаттарға жұмыс істеп, нәтижеге жету үшін осы сессия «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбында өтті.
ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Пятница, 03 Май 2024 05:29Тәуелсіз Қазақстан өркениетті әлемге танылып, мемлекеттілігінің берік іргетасы қаланып, қасиетті де киелі құндылық болып табылатын Егемендік қазақстандықтарға рухани өрлеудің жаңа жолын ашты.
Тазалығы қаланың көшесінен білінер
Пятница, 03 Май 2024 05:27ЖАС ЭКОЛОГТАР ТАЛ ЕКТІ
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығына мектеп оқушылары да атсалысты. Іс-шара барысында Шымсити шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта мектебінің ауласына ағаштар, гүлдер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға экология, өлкетану және туризм орталығының жас экологтары мен №135 жалпы орта мектебінің оқушылары бірлесіп 30-ға жуық шырша ағашының көшеті мен 200 түп гүл отырғызды. Сонымен қатар жасыл желектер бапталып, шөп орылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
«АТАҢА НЕ ІСТЕСЕҢ, АЛДЫҢНАН СОЛ ШЫҒАДЫ»
Пятница, 03 Май 2024 05:26Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясының төртінші –«Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды. Апталықтың мақсаты–қаладағы жалғызілікті қарттарға, ардагерлерге, көмектесіп, жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету.
1150 ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛГЕН
Пятница, 03 Май 2024 05:25«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Комиссияның бүгінгі отырысы Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылды.