Жақында Чехияның Пардубице қаласында дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Чехия Манкала федерациясының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында әлем кубогі өз мәресіне жетті. Бұл турнир 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау аясында ұйымдастырылған еді.

8 салтанат

Шымкентте халықаралық шахмат федерациясының 100 жылдығына орай, FIDE100 Guinness World Records Attempt аясында ұйымдастырылған KazChess Fest 2024 турнирі өтті. Турнирге қаланың әр жастағы 104 шахматшысы қатысып, өздерінің бақтарын сынады.

8 гинес

Жол ережесін сақтау – ішкі мәдениетіміздің көрінісі

Соңғы кездері жол-көлік оқиғаларының көбейіп бара жатқаны қоғамды алаңдатып отыр. Бұған Шымкент пен еліміздің өзге де ірі қалаларында мопед, скутер мен электрлі самокаттар секілді көліктің жаңа түрлерінің күрт көбеюі себеп болып отыр.

Moped

Елімізде өз ісін жаңадан бастап, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз еткісі келетін азаматтарға мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар берілетіні белгілі. Бүгінде дәл осы «Бастау бизнес» жобасының аясында берілетін өтеусіз гранттар шағын кәсіпкерлікті дамытудың және халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналып отыр.

Detii

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде білім, құрылыс басқармалары мен Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары қаралды.

Kogam Ken

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала мамандарымен бірге қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Қаратау ауданындағы өрт сөндіру депосы кешені мен Оқушылар сарайының құрылысында болып, салалық басқарма басшысы мен аудан әкіміне құрылыс сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Алматы мен Ташкент бағыттарынан қалаға кіре берісте «Shymkent» жазуы бар стела орнатылатын орындарды да тексерді.

OkUSS

Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали және өңірлік кеңес мүшелері қатысты.

InVesT

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партиясының әр апта сайын ұйымдастыратын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы осы аптада да жалғасын тапты. Науқанға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев бастаған мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, қалалық «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, «Жасыл ел» жасақтары, сонымен қатар белгілі спортшылар мен жастар арасында өнерімен танылып жүрген «Жайдарман» өнерпаздары қатысты.

TaZkka

Страница 6 из 864