Версия для печати

Ұрпағы батырды еске алды... Избранное

Пятница, 15 Февраль 2019 04:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2704 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Осыған орай даңқты батырдың есімі берілген республикалық "Жас ұлан" мектебінің ұйымдастыруымен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рахымов!» атты еске алу кеші өтті.

773333

Сабыр Омарұлы Рахымов 1902 жылы қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Көкбел ауылында өмірге келіп, 1945 жылы наурыздың 26-ында Польшаның Данциг (қазіргі Гданьск қаласы) қаласында қаза тапқан. Сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына жерленген. Әскери қайраткер, генерал-майор (1943), Кеңес Одағының Батыры (1965). Әкесі ерте қайтыс болып, жас қалған Рахымовты шешесі (өзбек қызы) Өзбекстанға алып кеткен. Содан екі елдің ортақ батырына айналды.

Еске алу кешіне әскерилер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, батырдың ұрпағы, ұлы тұлғаның атымен аталатын білім ошақтарының басшылары мен жас ұландар жиналды. Кеште Кеңес одағы батырының ерліктері дәріптеліп, естеліктер айтылды. Осы орайда майдангердің өмірінен сыр шертетін деректі фильмдер жұртшылық назарына ұсынылып, соғыс алаңында жасаған ерліктері тағы бір мәрте ұлықталды.

Салтанатты шарада батырға арналған жырлар орындалып, патриоттық әндер шырқалды. Жиын барысында еңбегі еленіп, оқуда көзге түскен жас ұландар марапатқа ие болды.

51931747 2385946588082006 4279105573753978880 n