Алмас СЫЗДЫҚБЕКОВ, жас кәсіпкер:
– Латын әліпбиіне көшу – кәсіпкерлер үшін де өте тиімді болмақ. Қазіргі таңда еліміздің Еуропа елдерімен алыс-берістігі дамып келеді Сол себепті бұл өзгерістердің болашақта бизнес үшін қосар үлесі мол.
Қазір өзім туризм саласында кәсіп бастадым. Мақсатым – елдің туристік әлеуетін жақсарту. Бұл орайда шетелдіктерді елге шақыруға көңіл бөлуіміз керек. Жалпы, жер жүзінің басым бөлігі латын әріптерін оқи алатыны мәлім. Бұл әліпбиге көшер болсақ, шетелдің азаматтарына аз да болса қазақ тілін оқып үйрену оңайға түсер еді.
Латын әліпбиі білім-ғылымға жол ашады. Ендігі кезекте замандастарымның шет тілін үйренуге, бір кәсіпті дөңгелетуге ұмтылысы артады деп сенемін.