Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2016 жылы атқарған жұмыстары бойынша тұрғындар алдында есеп берді. "Бадам-1" тұрғын алабындағы № 105 орта мектепте өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов, мәслихат депутаттары, қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары, аудан тұрғындары қатысты.
Есепті жылда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар аз емес. Өткен жылы 858 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркеліпті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері ауданда кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, былтыр ауданда 37 көше орташа жөндеуден өтсе, 9 көшеге аяқжолдар салынды.
Сондай-ақ, аумақты көріктендіру, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, спорттық іс-шаралар бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған.
Тимур Сұлтанбекұлы аудан әкімінің есебін оң бағалады. Аудан тұрғындары да өз кезегінде атқарылған жұмыстарға көңілі толатынын мәлімдеді. Дегенмен, әлі де жарық шам орнату, әлеуметтік нысандар салу сынды ұсыныс-тілектерін де айтты.
Ғалымжан Молдабайұлының ендігі есеп беру кездесуі 18 және 20 қаңтарда өтеді.
Последнее изменение Вторник, 17 Январь 2017 04:09