Версия для печати

Ауыл шаруашылығы керуені аттанды Избранное

Пятница, 27 Май 2016 04:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5587 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстік Қазақстан облысынан 240 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен Алматы қаласына аттанды. Алматылықтарға 65 тонна ет, 112 тонна көкөніс, 14 тонна жеміс, 15 тонна картоп, 12 тонна сүт өнімдері мен 21 тонна өзге де ауылшаруашылық өнімдері және 30 мың дана жұмыртқа ұсынылатын болады. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 135,6 млн.теңгеден астам қаржыны құрайды.

auyl sharuashylygh

28-29 мамыр күндері Алматы қаласында өтетін жәрмеңкеде оңтүстіктен жеткізілген сапалы өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға дейін арзан бағада тұрғындарға ұсынылмақ.
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасы жыл басынан бері Ақтөбе қаласында, облыстың аудан, қалаларында жалпы 19 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырып өткізген. Жәрмеңкелерге жалпы құны 196,3 млн теңге болатын 471 тонна өнім ұсынылған. Өңірде осы жылы 876 мың тонна көкөніс, 258,5 мың тонна картоп, 1263 мың тонна бақша өнімдері, 75 мың тонна жеміс-жидек, 55 мың тонна жүзім өндірілуі жоспарлануда. Бұл облыс халқының қажеттілігіне көкөністен 2 есеге, бақшадан 6 есеге, жеміс-жидектен, жүзімнен 3 есеге артық.

ОҚО әкімдігінің
баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.