Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай шаһардағы мектеп директорларымен 25-ші мамырда өтетін «соңғы қоңырау» шарасын ұйымдастыруға, сонымен қатар орта білім беру саласындағы маңызды сұрақтарды талқылауға байланысты жиын өткізді.
Жиналыс барысында мектептерде «соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу кезінде түрлі құқық бұзушылықтар мен тосын оқиғалардың алдын алу үшін қалалық білім бөлімі, жергілікті полиция қызметіне арнайы тапсырмалар берілді. Мысалы, мектеп аумағында, іргелес көшелерде кезекшілік ұйымдастырылып, оқушылар қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынуы тиіс.
Сонымен қатар, Қайрат Ырзақұлұлы білім ұяларының басшыларына биылғы «соңғы қоңырау» шарасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай өткізілетіндігін жеткізді.