Мемлекет басшысының бастамасы жүк тасымалдау жүйесін жаңа қарқынмен қалыптастырады

Пятница, 01 Сентябрь 2023 11:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 631 раз

371453397 3446129112366697 7057266008025024250 nЕ.БЕКБОСЫНОВ, Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының доценті, Ph.D:

– Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев бүгінгі Жолдауында Қазақстанды халықаралық транзиттік елге айналдыру мәселесіне кеңінен тоқталды. «Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады» – деді Президент.

Бұл ретте нақты тапсырмалар жиынтығын Үкіметке берді және Парламентке ұсыныс жасады.

Президенттің аталған мәселе бойынша берген тапсырмаларын толықтай қолдауға болады. Оның мынадай артықшылықтарына тоқталып өтсем деймін.

Біріншіден, біздің елді халықаралық транзиттік елге айналдыру жалпы мемлекеттің экономикалық ахуалын нақты жақсартуға, оның ішінде сыртқы экономикалық қызметтің сапасын көтеруге ықпал жасайды.

Екіншіден, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға және халықаралық жүк тасымалдау жүйесін жаңа қарқынмен қалыптастырып, дамытады.

Үшіншіден, біздің еліміздің аумағынан өтетін халықаралық дәліздер мен халықаралық жолдарын қалыптастыру көптеген салаларды стратегиялық тұрғыдан тікелей дамытады деп санаймыз. Әсіресе, кавказ елдері арқылы Қара теңізге және еліміздің Оңтүстігі арқылы Парсы шығанағына халықаралық теміржол мен автомобиль жолдарын салуға нақты ұсыныстардың бар екендігі көрініп тұр.

Төртіншіден, жоғарыда аталған факторлар біздің елдің халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсерін береді деп есептейміз.

Бесіншіден, аталған факторлар елімізді халықаралық хабқа айналдыру мүмкіндігін береді.

Последнее изменение Пятница, 01 Сентябрь 2023 12:20
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.