Шымкент қаласында тасымалдаушы кәсіпкердің құқығы қорғалды
Пятница, 29 Март 2024 05:35Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне Шымкент қаласының тасымалдаушысы заңды тұлға Радуга-Транспорт ЖШС-гі тарапынан Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (әрі – қарай Басқарма) іс әрекетіне қатысты кемшіліктерді көрсете отырып, осы кемшіліктерді жіберген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау және мемлекеттік қызметті ретке келтіру бойынша өтініштер түсті.
Аталған өтініштер бойынша, Департамент тарапынан Басқармаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, төмендегі мән-жайлар анықталған.
Яғни, тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау саласы бойынша субсидия алу үшін қызмет көрсетуші Басқармаға өтініштермен жүгінген.
Тасымалдаушылар өтініштерінде жолаушыларды тасымалдау бойынша жүргізген жұмыстары бойынша 160 млн. теңгеден астам мөлшерінде субсидия тағайындауды сұраған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңына сәйкес, қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан жағдайда, қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жіберуге міндетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығының
9-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер көрсетілген.
Алайда, Басқарма әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптарын сақтамай, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан.
Тексеру нәтижесімен Департамент тарапынан Басқармаға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету барысында кемшіліктерді жіберген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау және мемлекеттік қызметті ретке келтіру бойынша ұсынымдар берілді.
Осы ретте, Қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Департаменттің басты назарында екендігін жеткізе отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша Департаментке Telegram қосымшасы арқылы (сілтеме: https://t.me/onaykyzmet_shymkent) жүгіне алатынын мәлімдейміз.
ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ
Пятница, 29 Март 2024 05:30Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан 28 наурызда қаладағы Абдулабад, Елтай елді мекендеріндегі бірнеше көшені су басты.
МЕЙІРІМДІЛІК – ЖАН ШУАҒЫ
Пятница, 29 Март 2024 05:29Әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады. Көрме орталығында мереке күткен мына әлемнің пәк жаратылысы мен ерекше баласына ерекше күтім жасап, шаршамаған ата-аналардың қарасы көп болды.
ЖЫЛУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ
Пятница, 29 Март 2024 05:29Шымкентте 1 сәуірден бастап 2023-2024 жылғы жылу беру маусымы аяқталады. Күн райының жылынуына байланысты тұрғын үйлердің жылыту батареяларының температурасы төмендетіліп отыр. Ал, 1 сәуірде толығымен жылу беру тоқтатылады. Күзгі суықтың ерте түсуіне байланысты мегаполисте жылу маусымы ертерек, 2023 жылдың 20 қазанында басталған болатын.
73 ҮЙ САЛЫНАДЫ
Пятница, 29 Март 2024 05:28Мемлекет басшысының баспанаға мұқтаж жергілікті халықты қолжетімді пәтерлермен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде.
ТАТУЛЫҚ ДІҢГЕГІ БЕРІК
Пятница, 29 Март 2024 05:27Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен ауызашар өтті.
ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕНІП, ЖАМАННАН ЖИРЕНУГЕ ШАҚЫРДЫ
Пятница, 29 Март 2024 05:25Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» және Жастар ресурстық орталығы, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкерлерінен құралған ақпараттық-насихаттық топ Мирас университетінің студенттерімен кездесті.
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ КЕРЕК
Пятница, 29 Март 2024 05:24Кейінгі кезде туа бітті мүгедек, даун, аутизм синдромы сияқты денсаулық ақауымен туылып жатқан сәбилер көп. Нәресте кезінен-ақ ми қысымының науқасына шалдыққан, тірек-қимыл жүйесі мен қан айналымы бұзылған, дамуында тежеу бар балаларға елімізде қандай жағдайлар қарастырылған? Арнайы оңалту орталықтары балаларға қаншалықты көмегін тиігізіп жатыр? Міне, осы сынды маңызы бар сауалдар көптің көкейін толғандырары анық. Біз де осы сауалмен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, жұмысымен танысып қайттық.