Волейболдан «Базар жастар лигасы» сайысы өтуде Избранное

Пятница, 18 Август 2023 04:35 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1619 раз

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Базар жастар лигасы» турнирінің қыздар арасында волейбол сайысы басталды. Бәсекеге қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген төрешілер алқасы, спорт түрлері бойынша 5 төреші тартылған.

100

 

Қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманбек Орынбек турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тіледі. Жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып, аталған турнир бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.
Волейбол турниріне жалпы 16 команда қатысуға өтінім берген. Атап айтқанда, Барыс, Тұлпар, Авто-Нұр, Айна, Жібек жолы, Алаш, Акбар, Көне қала, Пионер, Орталық қырғы базары және Технодом, Эврика, Магнум, Мечта, Sulpak, Север сауда орталығы командалары жүлделі орындарды сарапқа салады.
Айта кетсек, жеңімпаз командалар қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.