«Омикрон» штамынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және «Ашықтағы» мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды. Сонымен, жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады», – деді министр. Ведомство басшысының айтуынша, егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз оныншы күні аяқталады. «Бұл өлшем-шарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен «Ашықтағы» мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты», – деді Ажар Ғиният.
Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 85 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 46 адамда ауру белгілері болса, 39-да белгілері жоқ. Індет жұқтырған 21 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 64 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек-орын толымдығы 47 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 394 науқас, 48 науқас жансақтау бөлімінде емделуде.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильді топ 24 қаңтар күні 106 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде карантин режимінің талаптарын бұзған нысандар анықталмады.