Қожанов көшесінің бойындағы Есімхан алаңына жақын маңдағы бұл тұстан өту үшін жолаушы тақтаға алақанын тигізіп, жасыл түс жанғанын күтуі қажет.
Бүгінде Түркістан облысының орталығында ескі типтегі 27 бағдаршамның 15-і жаңарды. Тағы 10 жаңа бағдаршам орнату жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласындағы бағдаршамның 70%-ы жаңартылмақ. Сондай-ақ, тұрғындардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасау мақсатында қала көлеміндегі бағдаршамдардың саны 37-ге артады.