Версия для печати

Қала мектептерiнiң қатары артады Избранное

Пятница, 01 Июль 2016 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5951 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының Бас Жоспарына сәйкес, жаңадан қосылған елді мекендер мен шағынаудандардағы білім ұяларына деген қажеттілік бойынша арнайы сараптама жүргізілді.

zhana mek

Нәтижесінде, салынатын жаңа мектептердің орны анықталды. Бұл мәселеге қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында жан-жақты талдау жасалды. Қалалық білім бөлімінің 2017-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жаңа салынуы тиіс нысан құрылысы сапалық әрі сәулеттік кескінімен ерекшеленбек.
Жиында белгілі болғандай, бүгінде «Қызылжар», «Шаңырақ», «Ақниет», «Тұран» шағынаудандары мен Төлеметов көшесі, Ташкент автожол бағытындағы «Арғымақ» көлік базары бойында білім ұяларына деген тапшылық бар екендігі белгілі болды. «Бозарықта» 900 орын, «Самал-3», «Таскен», әкімшілік іскерлік орталығы, «Тұран», «Асар-2» шағынаудандарына 1200 орындық білім ұясы қажет болса, «Елтай», «Жаңа Тұран» шағынаудандары тиісінше, 600 және 900 орындық мектеп ғимаратына мұқтаж болып отыр.
Талдау нәтижесі бойынша қала әкімі үш ауысымға өту қаупі бар мектептердің бүгінгі ахуалын бағамдай отырып, құрылыс сапасын қадағалау бойынша сала мамандарына тиісті тапсырма берді. Сондай-ақ, қалалық жер қатынастары бөліміне жер телімдерін шешу, қалалық құрылыс бөліміне құжаттарды дайындау мәселесі жүктелді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.