БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 399 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей тапсырмасы бойынша Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрығының ең жоғарғы эстакадасы – Бәйдібек би даңғылы көлік қозғалысына ашылды. Оқу жылының басталуына орай жиілейтін көлік қозғалысы ескеріліп, құрылыс қарқыны күшейтілген болатын.

288

 

Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. Бұл жолайрық – қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасауда маңызды жоба. Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде – Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде – Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде – оң, жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.

Қазір жолайрық құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, көліктердің қозғалысына кептелісті азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда. Жалпы, жолайрық аталған көшелердегі көлік өткізгіштік қабілетін арттырады. Мысалы, 2016 жылы жасалынған зерттеулерге сәйкес, аталған қиылыстағы Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалу жиілігі тәулігіне 24,3 мың авто, 2019 жылы 33,4 мың автокөлікке артқан. Арғынбеков көшесі бойынша тәулігіне 22,6 мың авто, 2019 жылы 31,9 мыңға көбейген. Жолайрық құрылысын пайдалануға берген жағдайда Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі 60 мың көлік (тәулігіне), Арғынбеков көшесі арқылы 55,6 мың автокөлікке артады.
Бүгінде жоспарланған жол құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалды. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын қамтамасыз ету жыл соңына жоспарланып отыр.
Нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалаған
Ғабит Әбдімажитұлы жауаптыларға жұмыстарды мерзімінде аяқтап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін бағдаршамдар мен жүргіншілер жолын ретке келтіру, жол белгілерін дер кезінде орнату бойынша тапсырма берді. Пандустарды да арнайы талаптарға сай салуды тапсырып, ерекше жандардың қауіпсіздігіне назар аударды.
Сондай-ақ қала әкімі жауаптыларға құрылыс барысында жолайрық айналасына жиналатын жауын-шашын суының деңгейіне қарай ирригациялық жүйелердің жүктемесі мен су өткізу қабілетін қадағалап, қолайсыздықтарды қазірден алдын алуды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.