«ШАҢЫРАҚҚА» өтінім қабылдайды Избранное

Среда, 23 Август 2023 07:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 784 раз

«Шаңырақ» ипотекалық бағыты бойынша 22 тамыздан бастап өтінім қабылдау басталды.

149

 

Тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан өтінімдерді қабылдау мерзімі 22.08.2023 жылдан бастап сағат 10:00 ден 31.08.2023 ж. 19:00-ге дейін аралықта жүргізіледі.
«Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үйлер пул құрусыз өткізіледі.
Нысандар «Шымкент қаласы, Тұран шағынауданы 9 қабатты №6,№8,№10,№12, №№39,40,41,42,43, 49,50,52,53 тұрғын үйлерде орналасқан.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы 200 000 теңге.
Тұрғын үй бірліктерінің саны 3 пәтер.
Пәтер түрі 1: 1 бөлме 1 пәтер, ең үлкен аумағы 42,54 ш.м..
Пәтер түрі 2: 2 бөлме 2 пәтер, ең үлкен аумағы 61,19 ш.м..
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.