Жатақханалардағы орын тапшылығы қалай шешіледі? Избранное

Среда, 26 Июль 2023 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 547 раз

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар істеліп жатқанын мәлім етті.

541

 

–Тапшылық шамамен 70 мың орын болып отыр. Оның 50 пайызы – Алматы, Шымкент және Астана қалаларында. Алматы қаласына сапар аясында министрлік басшылығы жобалық офиске барып, инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды. Алматы қаласының тәжірибесі Астана мен Шымкент қалаларына таратылады. Ғылым және жоғары білім министрлігі СҚО, Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, ШҚО, Жетісу облыстарының, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірге 2023 жылы жатақханаларды пайдалануға беру жөнінде жол картасын қабылдады, - деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына орай.
Ведомство мәліметінше, биыл 10 949 орынға арналған 37 жатақхананың тізімі айқындалған. Оның ішінде жеке инвестиция есебінен 9 231 орынға арналған 30 жатақхана, шағын бизнес қаражаты есебінен
1 218 орынға арналған 6 жатақхана және демеушілердің қаражатына 500 орындық бір жатақхана салынады. 37 жатақхананың 8 837 орынға шақталған 26-сы ЖОО студенттеріне, ал 2 112 студент сиятын 11 жатақхана колледждерге беріледі.
Қазіргі уақытта 1 500 орындық 4 жатақхана дайын. Сонымен қатар, 496 орындық 3 жатақхана дайындығы 90 пайыздан асады. 2 395 орынға арналған 8 жатақхананының құрылыс жұмыстары 80 пайыздан астамға, 375 орындық 1 жатақхананың құрылыс жұмыстары 70 пайыздан астамға орындалған. Мұнан бөлек, 1 026 орындық 3 жатақхана дайындығы – 60, 750 орындық тағы 3 жатақхананың дайындығы 50 пайыздан асып жығылады. 980 студент сиятын 1 жатақхананың құрылыс жұмыстары 40 пайыздан астамға орындалған. Ал, 1 316 орынға шақталған 3 жатақхананың 20 пайыздан астамаығана дайын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.