Барлық өңірлердің ұсынысы негізінде 9,11 сынып оқушылары үшін «Соңғы қоңырау» 1 маусым болып белгіленді. Ал Білім беру ұйымдарының 11 сынып бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі аттестат 20-22 маусым күндері тапсырылды.
Айта кетейік, білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына орай, бітіруші 4,9,11 сыныптарының бітіру кештерін ұйымдастыруына, мұғалімдерге сыйлықтарға және жөндеу жұмыстарына, түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттары мен шаруашылық заттарын сатып алу тағы басқа мақсатта заттай және ақшалай жинауға қатаң тиым салынады. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарды «Соңғы қоңырау» жиынынан соң балаларының автошерулер жүрулеріне, кешкі мезгілде топталып тойхана, кафелерде көңіл көтеріп тойлауына , қала сыртына шығып атап өтуіне де рұқсат жоқ. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасы тарапынан білім беру ұйымдарына ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілген.
Гүлнұр БАЛАБАСОВА