Басқосуға Жастар ресурстық орталығының психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Айгүл Қанатқызы, Шымкент көпсалалы колледжінің құқықтану, саясаттану пәнінің оқытушысы Роза Сейсенбаева және «Auezov Jastary» қоғамдық қорының төрағасы Қуаныш Нұрислам қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – отбасылық қарым-қатынастағы құқық бұзушылықты азайту, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттікті тоқтату.
– Негізінен зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер 14-29 жас аралығындағы жастар болып келеді. Оларға психологиялық көмек керек. Егер жаныңыздағы досыңыз осындай жағдайға тап болса, жылы сөзіңізді аямаңыз. Зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс орын алса, бей-жай қарамай, құзырлы органдарға хабарласыңыз, – деді Айгүл Қанатқызы.
Студенттерге зорлық-зомбылықтың түрлері мен одан сақтану жолдары да атап өтілді. Жастар ортаға шығып, психологоиялық ойын жүргізілді, өзара сұрақ-жауап алмасты.