Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың саны азаймай отыр. Бұл мақсатта жыл басынан бері 36 рет түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілген. Нәтижесінде, 23 жасөспірім анықталып, олардың 7-і ОҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылыпты.
Түнгі рейдтік шара кезінде тәртіп бұзған 11 оқушының ата-анасына айыппұл салынып, 5 ата-анаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жеткіліксіз екендігіне тоқталып, әкім орынбасарларына жас-өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі ұсыныстар дайындауды тапсырды.