Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы Избранное

Пятница, 19 Май 2023 04:39 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5464 раз

СӘБИЛЕРДІҢ 96,7 ПАЙЫЗЫ ПРОАКТИВТІ СКРИНИНГТЕН ӨТКЕН

«Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шымкентте ілкімді істер жүзеге асырылып отыр. Қуантарлығы, қалада түрлі патологияларды уақтылы анықтау, мүгедектіктің алдын алу, уақтылы сауықтыру мақсатында жоспарлы 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті скринингтермен қамтудың жалпы көрсеткіші 96,7 пайызға жетті.

54

 

Жылдық жоспарға сәйкес, неонаталдық скринингпен - 98,1 пайыз, аудиологиялық скринингпен – 89,2 пайыз, психофизикалық даму скринингімен – 99,4 пайыз, офтальмологиялық скринингпен – 100 пайыз қамту көзделген.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жүкті әйелдерді жеке және плинараралық пренатальды патронажбен қамту жоспары 87 пайыз болса, бүгінде 90,1 пайызға өсіп отыр. Ал, жаңа туған сәбиден 14 жасқа дейінгі балалар арасында артық салмақпен сырқаттану деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 113,1-ден 75 балаға төмендеген.
Сонымен қатар, Шымкентте 10 медициналық ұйымда балаларға қалпына келтіру және оңалту емі көрсетіледі. 2023 жылдың 4 айында оңалтудан өткендердің 32,6 пайызы, яғни 760-ы мүмкіндігі шектеулі бала. Шымкент қалалық денсаулық басқармасының 2023 жылға арналған жоспарында 35% қамту көзделген. Өткен жылы оңалту емін 682 ерекше бала қабылдап, 33,3 пайызды құраған. Оның ішінде церебральды сал ауруы диагнозымен тіркелген 303 бүлдіршін бар.
Шаһардағы балаларға арналған оңалту орталықтары кәсіби білігі жоғары мамандармен қамтылған. 2023 жылы №2 оңалту орталығының базасында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Бүгінге дейін мұнда 23 бала қалпына келтіру емінен өтті.
Айта кетейік, мегаполистегі балаларға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында қалалық балалар ауруханасында 180 төсектік жаңа ғимарат ашылды. Нысандағы төсек саны 315-тен 495-ке дейін ұлғайтылды.

«ШК»-ақпарат

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.