Қарымсақова Меруерт Ойдуллаевна – Шымкент қалалық №4 емхананың инфекционист-дәрігері. Тәжірибелі маман бұл медициналық ұйымда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қызмет етіп келеді. Еңбек өтілі 34 жылды құрайтын дәрігер осы жылдар ішінде көптеген науқасқа көмек көрсетіп, ем-дом жасап келеді.
Оның ішінде ЖРВИ ауруынан бастап созылмалы В, С, D гепатиттерімен ауыратын науқастарды дертінен құлан-таза айықтыру үшін қолынан келгенді аянған емес.
Меруерт Ойдуллаевна коронавирус пандемиясы кезінде өзін аянбай, науқастарға барынша қол ұшын сөзды, шипалы ем жасады. Сол үшін көптеген тұрғын ақ халатты абзал жанға алғысын айтады.
Дәрігер, сонымен қатар, карантин кезінде қаладағы жалпы тәжірибелі дәрігерлер арасында тиісті тақырыптарда, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған семинарлар өткізді, білгенімен бөлісті.
Біз, Шымкент қалалық №4 емхана ұжымы осындай тәжірибелі дәрігерімізді мақтан тұтамыз.