олардан арылудың жалғыз жолы – саяси реформалар Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялайды, онда елді саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айтылады» деп хабарлағаны белгілі. Содан бері сарапшылар қауымдастығы Президент қандай өзгерістер туралы айтуы мүмкін, жалпы,…
Президент берген тапсырмалардың орындалу барысы қандай? Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір-екі күн бұрын XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барып келді. Бұл – Мемлекет басшысының биылғы шетелге жасаған бірінші сапары. Осы жаһандық спорт додасы Қытайдың ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс…
Осы күндері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік күштері Қазақстан аумағынан шығарылып жатыр. Сөйтіп «бұл әрекет еліміздің егемендігіне нұқсан келтіреді» деген пікір жаңсақ екенін көріп отырмыз. Есесіне, Қазақстанға қарсы жасалған террористік шабуылдарға дер кезінде тойтарыс берілді. Елдегі саяси тұрақтылық пен тыныштық және конституциялық заңдылық қалпына…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі Құрметті Төраға! Құрметті Мәжіліс депутаттары! Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік.Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет.Сондықтан,…
Бүгінгі таңда пандемия әлемдік экономиканың дамуына айтарлықтай салқынын тигізді. Дегенмен карантин жағдайына қарамастан бизнес саласы шектеулерге икемделіп, өз қызметін іске асырып келеді. Бизнестің пандемия тудырған қиындықтарға қарсы тұра білуіне іскер азаматтардың құқығын қорғайтын ұйым кәсіпкерлер палатасы айрықша атсалысуда. Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан ҚАБЫШТАЕВПЕН…
ҚР Президентінің халыққа Жолдауы ел ішінде кеңінен насихатталуда. Бұл жолы Еңбекші ауданында орналасқан Оңтүстік арнайы еркін экономикалық аймағының басқарушы өкілдері және аймақ кәсіпорындарының қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Жиында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің саясаттану кафедрасының оқытушысы Жамелов Бауыржан Алтайұлы баяндама жасады. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси…
Тамыз айының басында Орталық Азия елдерінің басшылары Түркіменстанда бас қосып, кезекті рет консультативтік кездесу өткізгені белгілі. Бес мемлекеттің президенттері жиылып өңірлік қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қойнауы қазба байлықтарға толы ұлан-ғайыр территориясы мен 75 миллион халқы бар бұл өңір геосаяси және геоэкономикалық тұрғыда үлкен…
Бүгін Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округтері әкімдерінің сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды. Бұл науқан 10 күн бойы жалғасып, 23 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 00:00-де аяқталады. Сенбі, 24 шілде күні тыныштық күні болса, 25 шілдеде тұрғындар тікелей және төте дауыс беру…
Кешегі өткен Парламент Мәжілісінің сайлауы биылғы жалғыз сайлау болмайтынға ұқсайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында биыл ауылдардың, ауыл округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қалалардың әкімдерінің сайлауы өтетіні айтылған.