ҚАЗАҚСТАН – ЧЕХИЯНЫҢ АЗИЯДАҒЫ БАС СЕРІКТЕСІ
Среда, 23 Октябрь 2019 04:37Чех Республикасы Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек бастаған делегацияның Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алған іс-сапары Шымкент қаласында «Қазақстан – Чех бизнес-форумы» аясында жалғасын тапты. Құрамында 17 компанияның өкілі бар чехиялық делегация Шымкент қаласынан кәсіпкерлік байланысты арттыру мақсатында келген.
Ғалымдар Шымкентте ең қуатты автотрансформатор жасады
Среда, 09 Октябрь 2019 00:00Шымкентте Орталық Азиядағы ең қуатты автотрансформатордың лентасы қиылды. Қазақстандағы қуаттылығы 63 МВА класты, 220 кВ кернеулі автотрансформаторды техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі Сергей Соколов жобалаған.
МЕГАПОЛИС МУЗЕЙІ және АЙРЫҚША АМФИТЕАТР
Пятница, 18 Октябрь 2019 05:24«Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады» – деді
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының сөзіне сүйенсек, Ескі қалашықтағы Цитадель мен жуырда ашылатын қалалық музей Шымкенттің 2200 жылдық тарихи және мәдени өмірінен сыр шертпек.
КӨМЕК МАСЫЛДЫҚҚА БАСТАМАУЫ ТИІС
Среда, 16 Октябрь 2019 04:22Шымкент қаласында ағымдағы жылдың тоғыз айында атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бөлінген 22,3 млрд теңгенің 14,6 млрд теңгесі, яғни 65,5% игерілді. Ал АӘК алуға өтініш бергендердің саны биыл 6,9 есе артқан. Бұл көрсеткіш атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа моделін жасауға түрткі болды.
ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІ ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРҒА ТАПСЫРЫЛДЫ
Среда, 16 Октябрь 2019 04:18Шымкент қаласы Асар шағынауданындағы қалалық балалар ауруханасының бактериологиялық зертханасында түсірілген фото-видеолар таяуда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған еді. Қоғамда қызу талқыға түскен тақырып бойынша комиссия тексеруі аяқталды.
Қазақшалап жайылған дастархан
Пятница, 11 Октябрь 2019 05:06Қоңыр күздің берекелі шағының шырайын кіргізіп, Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында этномәдени бірлестіктердің «Қазақ дастарханы» атты көрме-фестивалі дәстүрлі жалғасын тапты. Грек, түрік, неміс, ұйғыр, грузин, тағы басқа шымкенттік 11 этномәдени бірлестіктері қалың қауымға «қазақшалап» дастархан жайды.
Жылуға қарыз жоқ. Cуға сұрау көп
Пятница, 11 Октябрь 2019 04:492019 жылы Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 12 нысанның жобасын ұсынса, соның екеуі қолдау тапты. Оның бірі Ақжар елдімекеніне республикалық бюджеттен 223,6 млн теңге, ал жергілікті бюджеттен Достық елдімекеніне 200 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған басқарма басшысы Алтай Әлі БАҚ өкілдеріне өткізген брифингте мәлімдеді.
Қоқысты қайда тастап жүрсіз?
Среда, 09 Октябрь 2019 03:45Күзгі маусымда қураған ағаш жапырақтары арық-атызға төгілетіні бар. Әл-Фараби ауданы бойынша ауладағы ирригациялық жүйелерді осындай жапырақ үйінділері мен қоқыс қалдықтарынан тазарту мақсатында сенбілік өтті.
Сенбілікке Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, қоқыс тасымалдаушы «ОрионНовТех» ЖШС және мердігер мекемелердің жұмысшылары жалпы 287 адам қатысты. Сондай-ақ, қалалық коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының қолдауымен барлығы 17 техника жұмылдырылып, 4 шақырым ирригациялық жүйе қоқыс қалдықтарынан тазартылды. Арық-атызды күзгі жапырақтан аршып алудан бөлек, сенбілік барысында тұрғын үй аулаларынан тұрмыстық қатты қалдықтарды да жинауға тура келеді.
Бұл орайда аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов сенбілік жұмыстары тұрақты жалғасын табатынын айтты.
– Сенбілікті тұрақты түрде жалғастыру арқылы аудан-қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақырсақ дейміз. Мақсат – экологиялық және санитарлық мәдениетті қалыптастыру. Жалпы, мәдениет тұрғысынан айтсақ, тұрғын үй аулаларындағы қоқыс жәшігіне басқа жақтан қоқыс әкеліп тастайтындар да жоқ емес. Келісімшартта көрсетілмеген артық қоқысты тастаған әрбір азамат осы салада қызмет ететін замандастарымыздың еңбек құқығын бұзғанын түсінсе екен, – дейді аудан әкімі.
2017 жылы Елордамызға әлемнің түкпір-түкпірінен экосаяхатшылар келіп, қоршаған ортаны түрлі зиян мен залалдан қорғайтын идеяларға куә болды. Ал 2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасына айналады. Біз осы 3 жылда экологиялық мәдениетке қаншалықты бет бұрдық? Бұған сырт көз – сыншы, уақыт – төреші.