Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында Туризм индустриясы комитетінің ұйымдастыруымен «Qazaqstan Live Fest» фестивалі өткен болатын. Халықаралық көрмеде «Бақытты қалаға саяхат» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
Бұл жолғы байқаудың жеңімпаздары – Қарағанды облысының жас тұрғындары.
Жасөспірімдер Шымкентке саяхатқа келіп, туристік орындармен танысты. Атап айтсақ, балалар туризмін дамытуда ерекше нысан – хайуанаттар бағы, дендропарк және цитадель және Орта Азиядағы ең үлкен аквасаябақ – «FONTAN» су қалашығында болды. Сондай-ақ, қаламыздың танымал дәмханалардың ас мәзірінен дәм татып, ерекше әсерге бөленді.
Осылайша жеңімпаздар екі күндік сапар барысында Шымкенттің туристік әлеуетімен танысып, қаланың қонақжай келбетіне тәнті болып қайтты.