Версия для печати

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда Избранное

Среда, 28 Сентябрь 2022 04:36 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2164 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры халықаралық «Ассалаумағалейкум-VI» қуыршақ театрларының фестиваліне қатысып, жүлдемен оралды. Ақтөбе облысының әкімдігінің қолдауымен және облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткен байқауда 6 мемлекеттен келген 14 театр ұжымы бақ сынаған.

250

 

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры байқауда М.Малдыбаеваның режиссерлігімен Д.Саламаттың «Асыл шөп» қойылымын сахналады. Байрақты бәсекеде көрермен көзайымына айналған «Асыл шөп» спектаклі «Балаларға арналған үздік қойылым» номинациясын иемденсе, театр әртісі, ҚР Мәдениет қайраткері Толқынай Өмірзақова «Үздік актриса» аталымы бойынша марапатталды.