КОМПЛАЕНС МЕКТЕБІ
Пятница, 15 Март 2024 06:15сыбайлас жемқорлықпен күресу жолын үйретті
Шымкент қаласы әкімінің аппараты және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне байланысты семинар ұйымдастырды. Семинарға аудан әкімі аппараттары мен басқарма басшылары, квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлері қатысты.
«РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАБЫСТАЛДЫ
Пятница, 15 Март 2024 06:12Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да қайырлы істердің бірі болып саналады. Осыған орай Шымкент қаласындағы «Ақмешіт» орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 200 адамға «Рамазан қоржыны» таратылды.
82 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Пятница, 15 Март 2024 06:05Тұран ауданына қарасты 82 көшеге биыл жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы баспасөз брифингінде Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков мәлімдеді.
Қаратөбеде мәдениет үйі салынады
Пятница, 15 Март 2024 05:59Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек ауданның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, 2024 жылға арналған жоспарын таныстырды.
АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ ҚАСЫҢЫЗДА ЖҮР!
Пятница, 15 Март 2024 05:53Бүгінгі таңда кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе, әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Алаяқтардың арбауына түскен адамдар аз емес және оның торына кез келген адам түсіп қалуы мүмкін. Интернет кеңістігінде интернет-алаяқтарға алданып қалмаудың бір жолы – құқықтық сауаттылықты арттыру.
«ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ»
Пятница, 15 Март 2024 05:51Ювеналды полицияның басты міндеттерінің бірі – балалардың, жасөспірімдердің құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қайта тәртіп
бұзушылыққа жол бермеу, профилактикалық шараларды жүргізу.
«ӘУЕЗОВ ҺӘМ АБАЙ»: ҒЫЛЫМИ ҚОС ТОМ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Пятница, 15 Март 2024 05:44М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Әуезов һәм Абай» атты екі томдық ғылыми кітаптың таныстырылымы өтті. Қазақ руханияты тағы бір ғылыми кітаппен толықты. Университеттің «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдарының 5 жылдық зерттеулерінің нәтижесінде жарық көрген кітапта Абай шығармаларындағы текстологиялық-терминологиялық мәселелер, Әуезовтің Оңтүстікке сапары, Шымкент қаласына жерленген Абай ұрпақтарына қатысты тың деректер де топтастырылған. Кітаптың тағы бір жаңалығы Абайдың қара сөздері, өлеңдері мен аудармалары түпнұсқа қолжазбалармен қайта салыстырылып, транскрипциясы жасалып, арнайы түсініктемемен берілген.
Жаңа қойылымдармен қуантып жүр
Пятница, 15 Март 2024 05:43Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры соңғы уақытта өз көрермендерін жаңа спектакльдермен қуантып жүр. Осы айда «Бағдаршамдар елі» және «Бразилия байлығы» қойылымдарының премьерасы өтті.