«ПАЙДА ОЙЛАМА АР ОЙЛА»

Пятница, 24 Декабрь 2021 10:44 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3032 раз

WhatsApp Image 2021-12-24 at 11.42.35

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған маңызды мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі.  Бұл да қазіргі кезеңдегі белең алған бір індет десе де болады. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп атап көрсетілген. Құжаттағы көңілге бір қонымды жәйт ол: мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олардың қызметтен босатылатындығы.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайтындығы және жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынатындығы.

 Бұны өте дұрыс шешім деп бағалаймын. Себебі сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осындай қатаң шаралар қолдану тосқауыл бола алады. Сонымен бірге, Қылмыстық Кодекске құқық қорғау органдары қызметшілерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан өзгерістер енгізу де күрестің бір жолы деп білеміз. Ендеше сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін және оған тосқауыл қоюдың тиімді жолдары, жаңа тәсілдері қарастырылып, әрекет еткен жағдайда Жолдауда айтылған мәселелер өз шешімін табатыны сөзсіз.

Конституция бойынша Қазақстан - құқықтық мемлекет. Осыған дейін мемлекеттің өркендеуі үшін заң үстемдігінің маңызы ерекше.  

Бүгінгі күні сыбайлас жем­қор­лық ұғымы азаматтық қоғам­да үйреншікті құбылысқа айнал­са, ал екінші жағынан Қазақ­стан­ның қауіпсіздігіне, елдің эко­но­­ми­­ка­сының дамуына керағар әсер ететін факторға айналуда. «Сыбай­лас жем­­қор­­лықпен күрес туралы» Қазақ­стан Республикасының заңы. Бұл заң ТМД елдері ішін­де бірінші рет бүкіл мем­лекет­тік дең­гейде сыбайлас жем­қор­лық­­пен күреске бағыт­тал­ған заң­­ды­­лық нормаларды бел­гіле­ді. Бірақ заңда сыбайлас жем­қор­­лық­тың субъектісінің нақты анық­­тамасының, ал ең бастысы, осы заңды қолданудың құқықтық механизмнің болмауы қиындық келтірді. Осыған орай сыбайлас жемқорлықпен күрес жайлы заң нормалары бірнеше рет өзгеріске ұшырады.            

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Қылмыстық Кодексі сыбайлас жемқорлықпен күрес­те қазіргі заман талаптарына то­лы­ғырақ жауап береді. Кодекс­те сыбайлас жемқорлық қы­лмыс­тарының нақты тізбегі және оған жауапты болатын тұлғалар­дың түсінігі берілген.  Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбыл­ма­лы, міндетті түрде және тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қыл­мыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Сондықтан да бұл құбылыспен қарсы күресте үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды. Бұл процесс мақсат болып табылмайды, ол нақты теориялық базаға, ішкі және халықаралық тәжі­рибе­лер­дің тарихи дәстүрлері мен ерекшеліктеріне негізделуі тиіс. Сон­дықтан осы қауіпті құбы­лысқа қарсы күрес жүргізудегі пай­да болған қажеттіліктерді объек­тивті жағдайларда абайлап және орынды түрде өзгерту керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өз қызмет бабын пай­даланып қылмыс жасаған адам­дарға міндетті түрде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру сияқты жазаны қолданған өте дұрыс болады.  Адам­ның қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасауы белгілі бір іс-әрекеттің қоғамға қауіп­тілі­гі дә­ре­­жесін арттырады, сон­дық­тан бұл белгі заңда тиісінше көрі­ніс табуы қажет.  Сыбайлас жемқорлық қылмысын сылтау етіп кінәсіз адамдарды қылмыстық жауапқа тарту өте ауыр қылмыс санатына жатқызылуы қажет. Бұл атал­­­ған­­­дар­дан басқа сыбайлас жем­қор­­­лық­­­пен табанды күрес жүр­гізу үшін бұқаралық ақпарат құрал­дарын­да жария етіл­ген осындай іс-әре­кеттерді құқық қорғау орган­дары дер кезінде тексеріп, оқырман­дарды тиісінше хабардар ету керек. Сыбай­лас жемқорлыққа қар­сы бағыт­талған құжаттардың әлі де өзара қайшылықтарын жойып, олардың нақты қолданылу меха­низмін жетілдірген жөн.  Сыбайлас жемқорлық қыл­мы­сымен күрес жүргізу оңай шаруа емес, ол ұзақ мерзімге бағыт­тал­ған мемлекеттік шара. Ең бас­тысы осы кеселге қатаң бағыт­талған мемлекеттік бағ­дарлама жоғары деңгейде жауап­тылықпен іске асырылуы тиіс.  

Еліміздің заңнамаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп лауазымды қолданып алу немесе ысырап ету жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Олардың «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөздері бекер айтылмаған.

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік - экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы күрделі сұрақты шешуге ықпал ету үшін Елбасымыз Жарлығымен «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» атты нормативтік актіні қабылдаған. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Қазақстан Республикасы жүргізілетін саясатымен сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деп көрсетеді. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.  

Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін Шымкент қаласы  қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді.

 

Шымкент қаласы ҚІД сенім телефоны:

Call-center 8 (7252)55-81-29, 54-95-88 

Жергілікті тұрғындарға әлеуметтік желі бойынша (ddoshimkent) Инстаграмм аккаунты ашылған, ҚР Қарулы Күштері серверінде ( Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ) электронды жәшігіне қандай да бір қызмет көрсету бойынша сұрақтар болса жолдауға болады.

Бұл ашық формат, әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, жұртшылық өкілдері кез келген ақпарат алу үшін жүгіне алады және жауап ала алады.

Қызмет  этикасын сақтау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың басымды жағдайын көңіл бөлу.

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қойылады. Негізгі күш жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеруге бағытталған.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды хабарландыру үдерісін мобильдеу және автоматтандыру мақсатында, сынама жобасының шеңберінде ақысыз негізінде ҚР ҚМ ЖР АЖ интеграциялық шлюзі арқылы 1414 қызметі SMS-хабарландыру бойынша тиісті әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды: 

әскери қызметке немесе жиындарға шақыруға;

медициналық куәландыруға;

әскерге шақырушыларды зерделеу үшін жергілікті әскери басқару органдарына шақыру жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлескен алдын алу жұмыстары белгіленген және ағартушылық штабымен байланыс орнатылған.

ҚІД, ҚІБ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және азаматтардың сенімін арттыру үшін "Қарулы Күштер-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмысын жалғастыруда.  

Жобалау кеңсесіне азаматтар өтініш жасайтын мәселелерді қарау кезінде жобалау тобы  келуші азаматтардың сұрақтарына тез-жылдам шешімін табу, басқа да органдар мен мекемелермен хат алмасу қажеттілігін болдырмау, оларды тікелей шешу жөнінде толық шаралар қабылдайды. Бұл жобаның негізгі мақсаты проблемалық мәселелер бойынша өтініш білдіргендерді қабылдау кезінде ақпарат алудың ашықтығы, жеделдігін айқындайды."Қарулы Күштері-Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің жұмыс істеуі жұмыстың тиімділігін көрсетіп, азаматтардың сенімін арттыруда. Шымкент қаласы әкімдігінің "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесімен  бірлескен  өзара тәжірибе алмасуда тұрақты байланыс бар, жұмыс жалғастырылуда.

Сонымен қатар, жалпы қызмет барысында «Жемқорлық-індет, күресу міндет»,  Абай атамыздың «Пайда ойлама ар ойла», Бауыржан атамыздың «Намысты нанға сатпа»  нақыл сөздері жеке құрамның ар-ұяты санасына ұялату негізгі күш-жігеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін көтеруге айқындық, әділдік, парасаттылықты ұстануға бағытталған.

Ринат МАДЬЯРОВ, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі
департаменті бастығының орынбасары, подполковник

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.