Версия для печати

Шымкент ХҚО-лары 10 айда 1 миллион қызмет көрсетті

Пятница, 26 Ноябрь 2021 10:15 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2636 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында 10 халыққа қызмет көрсету орталығы бар, онын ішінде 200 мың қызмет жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласы бойынша көрсетілген. Ал автокөлік иелеріне арналған 3 мамандандырылған ХҚО арқылы жыл басынан бері 273 мың автокөлік қайта тіркеуден өтіп, 70 мың жүргізуші куәлігі берілген.

 

tcon 1

 

«Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасаудамыз. Біз 10 айдың топ-5 мемлекеттік қызметтің рейтингін жасадық. Ең көп сұратылғын қызмет - жеке куәлік пен паспорт, оны алу үшін 450 мыңға жуық азамат жүгінген, одан кейін автокөлікті қайта тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтері мен ЭЦҚ алу (120 мың цифрлық қолтаңба), жүргізуші куәлігін беру қызметі», – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков.

Сондай-ақ, әр бөлімде өзіне өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істейді. Ол үшін азаматтардың электронды цифрлық қолтаңбасы болу қажет. ЭЦҚ-ны онлайн түрде үйде немесе ХҚО-да алуға болады. Одан бөлек шымкенттіктердің ыңғайлылығы үшін мемлекеттік қызметтің баж алымын кассаға бармай-ақ, QR код арқылы төлеу мүмкіндігі жасалды.

Тұрғындар дайын болған құжатты үйлеріне алдырту сервисін пайдаланып, көліктің сақтандыру полисін автоХҚО операторынан бірден рәсімдей алады. Оған қоса бірнеше мемлекеттік қызметті ХҚО-ға бармай-ақ банк қосымшалары арқылы алу мүмкіндігі туды.

«ХҚО бөлімдері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталған. Ал егер клиент қандай да бір себептермен ХҚО-ға бара алмаса, онда сіз біздің қызметкерді үйге шақыра аласыз. Ол үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыру қажет. Осылайша, 2021 жылы біздің қызметкерлер 1000-нан астам рет клиенттің үйіне барып қызмет көрсеткен»,– деп толықтырды Данабек Исабеков.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 690 мемлекеттік қызмет көрсетеді, электронды үкімет порталы арқылы 645 мемлекеттік қызмет онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы өз бетінше алуға болады. Жалпы Шымкент қалалық филиалында 600 қызметкер жұмыс істейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.